Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: КРИМИНОГЕНДІК ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ

ТҮРКІСТАН: КРИМИНОГЕНДІК ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ

Екі миллионнан астам халқы бар Түркістан облысы еліміз бойынша ең қылмысы аз облыстардың қатарында. Демек, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал, криминогендік жағдай бір қалыпты.
Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков айтып өтті.
Республика көлемінде он мың тұрғынға шаққандағы қылмыс саны 128 болса, біздің облыста көрсеткіш 39-ды құрады.

  • Жалпы Түркістан облысы деп Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың бекіткеніне міне бүгінгі күні тура 1 жыл 8 ай толып отыр. Жаңа облысымыз құрылған кездері біздің департаменттің бірден алға жылжып кетуі оңай болған жоқ. Деседе алдымыздан шыққан кедергілерге қарамастан облыс халқы үшін өз жұмысымызды атқарып, жоғары дәрежеге сай қызмет жасауға ұмтылдық. Нәтижесінде қылмыстың азаюы мен қаланың тәртіпке келуіне бағытталған жұмыстарды атқарудамыз- деді Қ. Дәлбеков.