Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: КИЕЛІ ШАҺАРДЫҢ ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ АЙМАҒЫНА АЙНАЛАР КҮН АЛЫС ЕМЕС

ТҮРКІСТАН: КИЕЛІ ШАҺАРДЫҢ ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ АЙМАҒЫНА АЙНАЛАР КҮН АЛЫС ЕМЕС

Түркістан шаһарын көркейту, экологиялық жағдайды жақсарту үшін қарқынды жұмыс жүріп жатқаны белгілі. Аймақ басшысы сапаға мән беріп, уақыт үнемдеу мақсатында енгізілген гидроегу жұмыстарын тексерді. Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын бақылады.

Түркістанда халықаралық тәжірибені қолдана отырып, ең озық технологиялар қолданылады. Арнайы сұйықтық шашылып, жеті күнде айнала жасыл желекке бөленеді.

⠀Облыс орталығында көшелер мен демалыс  орындарын көбейтіп,  көгалдандыру жұмыстары қарқынды орын алуда. Қалада 32 сектор бойынша көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Аудан, қала және басқарма басшылары жауапты барлық аумақтарда 250 мың ағаш көшеттері мен бұталар отырғызылды. Тұт ағашы, писсар өрігі, терек, арша, линден ағашы, қарағай, катальпа, талшын егілген.

157 862,38 ш.м. газон  төселіп, 187,867  км суару жүйесі орнатылды. Қала бойынша 65 ұңғымалар қазылып, аллеялар мен скверлер қолданысқа берілді. М. Пошанов, Байтанаев, Р.Сейтметов демалыс орындары және «Жеңіс» саябағы қайтадан жаңартудан өтіп, жаңа көрікке ие болды.

«Жасыл белдеу»  бағдарламасы бойынша 97,9 га аумаққа 42068 дана ағаш егілді. «Қашқари» демалыс орнында 200 түрлі ағаштар мен бұталы гүлді өсімдіктер отырғызылған. Қазіргі кезде Түркістан қаласының 19 көшесінде көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары іске асуда. Сонымен бірге, Әль-Фараби мен Қазыбек би, Н.Төреқұлов көшесінде саябақ пен скверлер орнатылуда.  Алдағы уақытта қолданысқа беріледі. Нәтижесінде, жалпы ұзындығы 111950 ш. м аумақ шілде айының соңына дейін көгалданатын болады.