Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ МИНИСТР ДИХАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШІП БЕРЕТІН БОЛДЫ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ МИНИСТР ДИХАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШІП БЕРЕТІН БОЛДЫ

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы Түркістан облысына іс-сапары барысында Сарыағаш ауданында болып, Келес ауданы Алпамыс батыр ауылдық округінің егістік жерлеріне ағын су жеткізетін «Ащынау» каналынан бастау алатын 1000 мм су құбырының басына барып, мән-жайды талқылады.
Мәселені талқылауға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев, Келес ауданының әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлы, Сарыағаш ауданының әкімі Отаршиев Мұхит Баймұхамбетұлы, «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық және аудандық филиалы басшылары, сондай-ақ тиісті мекеме басшылары қатысты.
Алдымен Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев «Ащынау» каналы бойынша мән-жайды баяндады.
Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғыны Балышев Санжар 1000 мм су құбырынан Ақжол ауылына дейінгі бөлігінен Сарыағаш ауданының біршама жер иелері суды заңсыз алып Ақжол ауылындағы диқандарға су жетпей жатқанын, сол себепті келісім-шартқа тұруға диқандар күдікпен қарап отырғанын жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Жұмабеков Ахмет Әбдраманұлы былтырғы жылы 450 га жер иелері келісім-шартқа тұрғанымен «Ащынау» каналынан лимитпен босатылған ағын судың Алпамыс батыр ауылдық округінің егіс алқабына 50% мөлшері ғана жетіп егістік алқаптарға су жетпей шу болып, дегенмен ауыл диқандары өзара келісімге келіп кезекпен жерлерін суарғанын, ал биыл диқандар келісім-шартқа тұруға күдікпен қарап отырғанын жеткізді.
Келес ауданының әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлы аталған су құбыры арқылы «Қазсушар» РМК-ы тарапынан Келес ауданы аумағына жеткілікті мөлшерде су жеткізіп беретін болса, 900 га астам жер иелерімен келісім-шарт жасалып, игеруге мүмкіндік бар екенін жеткізді.
Министр М.Мырзағалиев пен облыс әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаев мәселе орынды көтеріліп отырғанын, сол себепті «Қазсушар» РМК мамандары, Келес және Сарыағаш ауданы әкімдері орынбасарлары деңгейінде жұмысшы топ құрып, су құбыры бойындағы заңсыз су алушыларды анықтау және Алпамыс батыр ауылдық округінің егіс алқабына қажетті мөлшерде су жеткізіп беру мәселесін шұғыл шешуді тапсырды.
Министр Мырзағалиевтің іс-сапары Келес ауданында жалғасып, аудан аумағынан өтетін Өзбекстан Республикасына тиесілі Солтүстік Ташкент каналының (СТК) бүгінгі жағдайымен танысты. Солтүстік Ташкент каналы (СТК) көрші елден бастау алып, Келес ауданының 20 шақырым қашықтық аумағынан өтіп, 2922 га суармалы жерді ағын сумен қамтамасыз етеді.
Аталған каналдың бүгінгі таңдағы өзекті мәселесі аталған канал Өзбекстан мемлекетінің меншігінде болуына байланысты аудандық немесе облыстық бюджет есебінен механикалық тазалаудан өткізуге қаржы бөлуге мүмкіндік болмауы.
Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев өз сөзінде жалпы Солтүстік Ташкент каналынан Келес ауданының аумағында 77,4 шақырымды құрайтын 18 канал және 19 қашыртқы бастау алатынын, аталаған каналдар мен қашыртқылар аудан бюджеті есебінен тазалағанымен, көрші елге тиесілі СТК каналы 25 жылдан бері тазалау көрмеген айтып, біздің меншікке кірмегендіктен, тазалау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болмай, осы аймақтағы екі ауылдық округке қарасты егістік жерлер ағын сумен толық қамтылмай отырғанын, Кеңес дәуірінде осы каналды Өзбекстан тарапы тазалау жұмыстарын жүргізіп келген, дегенмен Еліміз Тәуелсіздік алып, шекара белгіленген бойда каналдың Қазақстан тарапындағы бөлігі қараусыз қалғанын жеткізіп, аталған мәселені Республика деңгейінде көтеріп, көрші елмен келіссөздер жүргізуге ықпал жасауды сұрады.
Өз кезегінде Мағзұм Маратұлы көрші елдің делегациясымен келіссөздер жүргізу мақсатында керекті құжаттар мен мәліметтерді беруді аудан әкіміне тапсырды.