Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ГАЗДАНДЫРУ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ГАЗДАНДЫРУ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысында «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Жұмабеков аудандық партия филиалы ​ жанынан құрылған Партиялық бақылау комисиясы мен «Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері ​ «Nur Otan» партиясының Келес ауданы бойынша​ «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында Қошқар ата ауылдық округіндегі 9 елді мекендегі газдандыру жүйесінің құрылысы басталған нысандарға бақылау жүргізді.Құрылыс нысандарына бақылау барысына ауданның тұрғын үй және коммуалдық шаруашылық бөлім басшысы міндетін атқарушы Б.Шірінбеков, «Қошқар ата» бастауыш партия ұйымы төрағасы Қ.Бекмуратов, мердігер компания өкілдері мен ауыл билері қатысты.Бақылау барысында мердігер компаниялар құрылысты жобаға сай сапалы және мерзімінен алдын орындап жатқандығы, бастауыш партия ұйымы мен ауыл билері құрылысты қатаң бақылауда ұстап тұрғаны анықталды.А.Жұмабеков, фракция және комиссия мүшелері әрбір елді мекенде «жобаға енбеген» деген себеппен үйлерге газ жүйесі кірмей қалмау керектігін ескертсе, ​ мердігер компания өкілдері бірде-бір үй газ жүйесіне қосылмай қалмайды деп сендірді.