Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРЫМЫЗҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

ТҮРКІСТАН: КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРЫМЫЗҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиев «Кәсіпкер ана» және «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында, Түркістан мен Кентау кәсіпкерлеріне қаржылық сертефикаттар табыстады.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің қатысуымен Кентау қаласының әкімшілік ғимаратында кәсіпкерлермен кездесу өтті. Кездесу нәтижелі жұмыстардың жалғасын болып отыр. Себебі, қаржылық қолдау көрсетілген көпбалалы кәсіпкер ана мен жас кәсіпкерлер өңірімізде жыл санап көбейіп келеді.

«Ырыс» микроқаржы ұйымы ұсынып отырған — «Кәсіпкер ана» және «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алған 20-дан астам кәсіпкер өз кәсіптерін жемісті жалғастырып келеді.
Кентау қаласында кәсіпкерлермен өткен арнайы кездесуде бағдарлама аясында, екі миллион теңгенің сертификатын М.Мырзалиев өз қолымен табыстады.
Кентау қаласында өткен кәсіпкерлік жиында «Оңтүстік» АИО» төрағасы Қ.Бәйтөре мен «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің директоры Д.Арынғазин баяндама жасап, кәсіпкерлердің түйіткі сұрақтарына жауап қайырды.
«Кәсіпкер ана» мен «Жас кәсіпкер» бағдарламалары өңірімізде әкімшілік тарапынан үлкен қолдауға ие болып келеді.
Түркістан облысы әкімшілігінің тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Кәсіпкер ана» бағдарламасы, көпбалалы кәсіпкер аналарға үлкен қолдау болуда.
Жиынға қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі, ҚР ҰҚП «Атамекен» Кентау қаласының филалы, Кентау қалалық кірістер басқармасы басшылары қатысты.
М.Мырзалиев кездесуге келген кәсіпкерлердің өзекті сұрақтарына жауап беріп, нақты шешімдер қаралатын қадап айтты. «Өңіріміздің кәсіпкелері құжаттарға уақыттарын босқа жоғалтпайтын болады.» Экокәсіпке» жағдай жасайтын боламыз» деп, жиынды қортындылады.