Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Көктемгі дала жұмыстарының дайындығы» тақырыбында аудандық семинар өтті. Аудан әкімі Бақыт Асанов төрағалық еткен жиында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Т.Жақыпбеков, «Қазақ мақта ассоциациясы» бірлестігінің төрағасы Б.Юсупов, ауданның еңбек ардагері К.Бөриев, «Syngenta» компаниясынң өкілі Н.Абдиғаппаров, «Қайнар» тұқым шаруашылығының төрағасы О. Утебаевтар сөзге шығып, тәжірибелерімен бөлісті. Аудан басшысы көктемгі дала жұмыстарын сапалы әрі уақытылы атқару арқылы жоғары өнімге қол жеткізу туралы өзінің ой-жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, суармалы егістік алқаптарына озық технологияларды енгізу, мақта тұқымының маңыздылығы туралы ғалымдар мен мамандар ауданның шаруаларына ұсыныстарын берді. Шара барысында ауыл шаруашылығы дақылдарын түрлі зиянкестерден қорғау, көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мәселелері де сөз болды. Тұқым шаруашылықтарының атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айтылып, ауыл шаруашылығы кооперацияларын құрудың маңыздылығы туралы баяндама жасалды. Айта кетейік, іс-шарада Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының мамандары тарапынан мақта шитін себудің жаңа технологиясы практика ретінде шаруаларға көрсетілді.