Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: КӨКСӘЙЕКТЕ БІР ЖЕРДЕН 2-3 ӨНІМ АЛУ ЖОБАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН: КӨКСӘЙЕКТЕ БІР ЖЕРДЕН 2-3 ӨНІМ АЛУ ЖОБАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысы әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Төлеби ауданында ауыл шаруашылығы саласында бір жерден 2-3 өнім алу жобалары іске асырылуда. Аталған бағытта Көксәйек ауылдық округіндегі «Жубаев» шаруа қожалығы 6 га жерге қарбыз, қызанақ, қияр дақылдарын еккен. Тамыз айында дақылдар алғашқы өнімін береді деп күтілуде. Айта кетері, егістікте 2-ші өнімге күздік картоп егу жоспарланып отыр. Сонымен қатар округтегі «Сенбек» шаруа қожалығында да бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мұнда 8 га егістікке ноқат дақылы егілген. Ноқат дақылы өнімін жиналғаннан кейін 2-ші өнімге күздік картоп егілетін болады. Көксәйекте айтпай кетуге болмайтын бір керемет жоба бар. «Керемет Агро Груп» ЖШС-гі 40 гектарга қарқынды бау өсіріп отыр. Серіктестік 2020 жылдың сәуір айында бауға 21 мың түп «Гала» сортты алма көшеттерін отырғызып, күтіп-баптаумен айналысуда. Өнімділікті арттыру мақсатында тамшылатып суғару әдісі қоданылады. Қазіргі таңда 40 азамат жұмыспен қамтамасыз етілген.