Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ӨТІП ЖАТҚАН ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ӨТІП ЖАТҚАН ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

2020 жылғы 16 қаңтардан бастап елімізде 11 сынып оқушылары үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудың алғашқы күні басталды.

Ұлттық тестілеудің барлық қатысушылары үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бақылаушылар қатыстырылуда. Олардың арасында, «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, облыстық ақпараттық — ағарту тобының және Арнайы мониторингтік топтың өкілдері бар.

Қоғамдық бақылаушылар тестілеуді тапсыру кезінде объективті, ашық, әрі адал өтуін бақылайды.

Тестілеу облысымыздың 13 ауданында, атап айтсақ, Арыс, Кентау, Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Қазығұрт, Жетісай, Ордабасы, Отырар, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандарының оқу орындарында өтеді.

16-19 қаңтар күндері өтетін тестілеуге біздің өңірімізден 19 649 оқушы тест тапсыруға тілек білдірген.

Тестілеудің 1-2 күндері бақылаушылар тыйым салынған заттарды, яғни ұялы телефондар мен шпаргалкаларды пайдаланып, тестілеу талаптарын бұзған 14 оқушы емтиханнан шығарылды.

Айта кетейік, Түркістан өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғам өкілдерімен бірге парасаттылық және адалдық қағидаттарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.