Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІНЕН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТАСЫМАЛДАНУЫ БАҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІНЕН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТАСЫМАЛДАНУЫ БАҚЫЛАНДЫ

Бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті киелі мекенге келіп жеткен гуманитарлық көмектің өңірдегі мемлекеттік ауруханаларға толық жеткізілуін жіті қадағалап, тұрақты негізде бақылауда.

Осы орайда, бүгін Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай бастаған жұмысшы топ Түркістан өкілдері Біріккен Араб Әмірлігінен келген гуманитарлық көмектің облысқа қарасты қала/аудандардағы мемлекеттік емдеу орындарына тасымалдану барысына кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу жұмыстары барысында жұмысшы топ өкілдері аталмыш елден келген медициналық қорғаныс құралдарына, атап айтсақ 25 дана өкпені жасанды желдету аппараты, 500 мың дана үшқабатты медициналық және 400 мың респираторлық бетперделерге және 125 дана «Herbal Tea1» мен 500 дана «Herbal Tea2» емдік шәйлеріне «ТЕГІН» деп көрсетілген арнайы белгілерді қойып, гуманитарлық көмектің заңсыз сатылымға шықпауын қадағалады.

Әр күн сайын тұрақты негізде жүргізіліп жатқан мониторинг жұмыстары әріқарай да өз жалғасын табатын болады.