Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ЖЫЛЫНА 1100 ТОННА КЕСПЕ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ЖЫЛЫНА 1100 ТОННА КЕСПЕ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында өнеркәсіп өнімі көлемінің жыл сайын артуына аймақтағы индустриалды аймақтың үлесі мол. Бүгінгі таңда, «Қазығұрт» индустриалды аймағында жалпы құны 7,3 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба орналастырылған.
«CG Foods Central Asia» ЖШС-і 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап тез әзірленетін 10 түрлі «Қазан» және «Wai-Wai» маркалы кеспе өнімін шығаруда. Жалпы инвестиция көлемі 5,7 млрд. теңге, 2019 жылы 1,1 млрд. теңге инвестиция салынып, тез дайындалатын кеспе цехын толық жаңғыртып отыр.
Бүгінгі таңда зауытта 80 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорынның даму жоспарына сәйкес, алдағы жылдары жұмысшылар саны 300-ге жететін болады. Кәсіпорын ағымдағы жылдан бастап жылына 1 100 тонна өнім шығарып, өнімнің 20 пайызын Қазақстан Республикасы аумағында тарқатса, 80 пайызын Орта Азия елдеріне экспорттайтын болады.