Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі, Республикалық ақпараттық үгіт-насихат Штабының Төрайымы Ы.Тұрсынзада мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі А.Бердалин Арыс қаласындағы «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының» тәрбиеленушілерімен жүздесті.

Рухани кездесудің негізгі мақсаты — жас өскіндерді жақсылық жасауға жігерлендіру және қоғамның ары таза азаматтары болуға дәріптеу.

Игілікті шарада Астанадан арнайы келген Республикалық Штабтың мүшелері балаларды парасатты болуға үндеп, шаттық шуағына кенелтті.

Сондай-ақ, 16 қаңтар күні Түркістан облыстық Департаментінің бастамасымен «Сотқа дейінгі іс жүргізудің: шындығы және жетілдіру жолдары» тақырыбында өткізілген Халықаралық конференцияда өткен «Жемқорлық балалар көзімен» байқауының жүлдегерлеріне арнайы сыйлықтар табысталды.

Естеріңізге сала кетсек, Түркістан облыстық Департаменті Арыста қаласында орналасқан балалар ауылының 63 тәрбиеленушісін өз қамқорлығына алып, балаларға әр ай сайын қолдау танытып келеді.