Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: АРЫСТА АУЫЛШАРУАШЫҚ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА АУЫЛШАРУАШЫҚ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен Арыс қаласында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «ALTYN KÚZ – 2019» облыстық спорттық жарысы өтті.
Аталған жарысқа Түркістан облысының аудан, қалаларымен қатар ауыл шаруашылығы басқармасы мен тиісті салаға қатысты мекемелерден командалар қатысты.
Облыстық жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерін мерекемен құттықтап, жарысқа келген барша спортшыларға сәттілік тіледі.


Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақов ауыл шаруашылығы саласында еңбек етумен қатар жанына спортты серік еткен қызметкерлерді, мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.


Облыстық және аудан, қалалардың ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерінен құралған 21 команда мен 400-ге жуық спортшылар кіші футбол, арқан тартыс және волейбол сынды командалық ойындардан сынға түсіп, волейболдан І-орынды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, ІІ-орынды Созақ ауданы, ІІІ-орынды Арыс қаласы иеленді, арқан тартыстан І-орынды Арыс қаласы, ІІ-орынды Созақ ауданы, ІІІ-орынды Мақтарал ауданы иеленді, кіші футболдан І-орынды Жетісай ауданы, ІІ-орынды облыстық ветеринариялық лабороториясы, ІІІ-орынды Сайрам ауданы иеленді.


Жеңімпаз және жүлдегер командалар Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының Дипломдарымен және кубоктармен марапатталды.