Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда», — деп атап өткен.
Осы орайда, бүгін Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі М.Қадырбек 2018-2019 оқу жылында республикалық, облыстық олимпиадаларда, конкурстар мен ғылыми жоба жарыстарында жетістікке жеткен, «Алтын белгі» иегерлерін қабылдады.
Жиын барысында сөз алған шаһар басшысы М.Қадырбек: «Бүгін мектепті үздік бітірген түлектерімізді өмірлерінің жарқын белесі, ерекше қуаныштарымен құттықтаймын. Түлектеріміздің «Алтын белгі» иегері атануы ұлағатты ұстаздар, ата-аналар, жалпы арыстықтар үшін үлкен мәртебе. Жоғары білім алып, Отанымыздың білікті маманы ретінде еліміздің дамуына зор үлес қосады деп сенемін. Бүгінгі «Алтын белгі» иегерлеріне, барлық жас түлектерге үлкен өмір жолына басқан қадамдарың сәтті болсын, табыс биігінен көріне беріңіздер, Ақ жол! – тілеймін» — деп жылы лебізін білдірді.
Сонымен қатар қала әкімі М.Қадырбек «Алтын белгі» иегерлерін облыс әкімі Ө.Шөкеевтің Алғыс хатымен марапаттап, сый-сияпат жасады.
Жиын соңында «Алтын белгі» иегерлері облыс және қала әкімдігіне алғыстарын білдіріп, естелікке суретке түсті.