Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САУДА САТТЫҚ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ТАЛАПТАРЫН ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САУДА САТТЫҚ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ТАЛАПТАРЫН ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАДЫ

Бір апта бұрын, қала әкімі Рашид Аюпов өз парақшасында бейнеролик арқылы наурыздың 23-ші жұлдызынан азық-түлік қатарлары, дәріханалар және қоғамдық тамақтану орындарынан басқа барлық ірі сауда орындары жабылады деген ақпарат бөлісті

Бір-екі күн аралығында Үкімет халық сұранысын қолдай келе, мемлекет бойынша сауда орындарының жұмыс барысын нақтылайтын
арнайы бұйрыққа өзгерістер енгізді. Сақтық талаптарын орындаған жағдайда ірі сауда орындарында қызмет көрсетуге рұқсат етілді.

Дегенмен, Түркістан қаласының біраз кәсіпкері көрсетілген шарттарды орындамай отырғанға ұқсайды. Себебі, ертеректе базарларды жабуға ниет білдірген қала басшысы өз парақшасында: «Кешегі күнім, ашық тұрған сауда орындарының бұйрыққа сай талаптарды орындауын бақылаумен өтті. Өкінішке қарай, қанағаттанарлық деп айта алмаймын.

Сатушылар мен кәсіпкерлердің бұндай ұстанымы — жақындарымыз, өзіміз, дүйім жұрттың өміріне залал келтіруі мүмкін.» — деп жазған. Бұған қоса, тұрғындарды сақтық шараларын орындауға шақырып, кәсіпкерлер жұмысы қатаң қадағаланатынын айтып өткен.

Ендігісі, халықтың таңдауы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Халық базарға жапа-тармағай баруын доғармаса, саудагерлер де өз еркімен базардан кете қоймасы анық.