Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘУЕЖАЙЫНАН ОРЫНДАЛАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙСТЕР САНЫ АРТАДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘУЕЖАЙЫНАН ОРЫНДАЛАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙСТЕР САНЫ АРТАДЫ

2021 жылдың 3 мамырынан бастап Turkish Airlines әуе компаниясы түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан қаласынан Ыстамбұлға тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.

Түрік әуе компаниясы Түркістан мен Ыстамбұл қалалары арасында Б-737 әуе кемесімен аптасына 3 тұрақты рейс орындайды (сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері).

Бұдан басқа, 2021 жылғы 17 мамырдан бастап отандық лоукост тасымалдаушы Fly Arystan («Эйр Астана» компаниялар тобы) компаниясы Түркістан мен Ыстамбұл қалалары арасында орындалатын рейстер санын аптасына 7-ге дейін (күн сайын) ұлғайтпақ.

Осылайша, биыл мамыр айынан бастап екі қала арасында аптасына 10 тұрақты жолаушылар рейсі орындалады. Сонымен қатар, Түркістаннан Бішкекке (Қырғызстан), Ташкентке (Өзбекстан) және т.б. бағыттарға жаңа рейстер ашу жоспарда бар. Рейстер санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады