Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

       Кеңес отырысына Түркістан қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Букебаев, Қ.А Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті Ә.Абуов, қалалық мәслихат депутаттары Н.Жүсіпбаев, А.Абдуллаев, Түркістан Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің жетекшісі Г.Қарсыбай, жастар ресурстық орталығының директоры Б.Дүкенбай, орта арнаулы оқу орындары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және белсенді жастар қатысты.

        Кеңес отырысын Б.Букебаев ашып, жүргізіп отырды, кездесудің мақсаты Түркістан қаласындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытындағы 3 айда атқарған жұмыстарының есебі мен алдағы жоспарлар талқыланды.

        Сонымен қатар, жастар ресурстық орталығының директоры Б.Дүкенбай қорытындылап алдағы уақытта жастар 16 бағыт бойынша жұмыс жүргізілетінін сөз етті.

Қорытындылай келе, жастармен жұмыс жүргізетін жоғары және орта арнаулы оқу орындары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына Алғыс хат табысталды.