Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ: ӘКІМ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫНА НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ: ӘКІМ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫНА НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өткен болатын. Жиында қала аумағындағы мәселелерді талқылаған шаһар басшысы тиісті салаларға нақты тапсырмалар берді.
Атап айтсақ, экономика бөліміне қаладағы құрылыс жұмыстарына қажетті қаржыны нақтылау және жұмысын жеделдету мақсатында облигациямен және мемлекеттік жеке меншік әріптестік негізде жұмыс жасау жүйесін қарастыру;

  • Жер қатынастар бөлімі мемлекет мұқтаждығы үшін жер қайтару жұмыстары бойынша күнделікті мәліметті ұсынып отыру;
  • Қаладағы құрылыс нысандарына камера орнатып, оны әкімдіктен қадағалауды үйлестіру;
  • «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасындағы» студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі бойынша қаладағы оқу орындарының (университет, колледж) жатақхана қажеттілігін анықтау, сұраныс жасау;
  • Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінен шұғыл диспетчерлік қызмет ашу (шұғыл желі арқылы қаладағы ауыз су, электр жарығы, тазалық жұмыстары бойынша тұрғындардың өтініш, шағымын қабылдау үшін);
  • Көшедегі жарнамалық баннерлерді жаңалау, жазылу стилін реттеу;
  • Базар айналасындағы жабайы сауданы реттеу;
  • «Қауіпсіз қала» бағдарламасын қайта қарап, жүзеге асыру тапсырылды.
    Осы берілген тапсырмалардың мерзімінде орындалуын қадағалауды қала әкімі аппаратына жүктеді.