Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ҚАЛА МЕН АУЫЛ АУМАҚТАРЫНДА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАН: ҚАЛА МЕН АУЫЛ АУМАҚТАРЫНДА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТУДЕ

Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі Даурен Махажановтың бастамасымен қала аумағындағы барлық елді мекендерінде тұрғындардың қатысуымен санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. 211 шқ құрайтын көше бойлары мен 38 шқ. аяқ жолдары ретке келтірілді. 10 га жерді құрайтын саябақтар, 5 га скверлер мен 76000 үй іргелік аулалары тазаланды. Сонымен қатар, 10 шқ ирригация жүйелері мен арықтары тазаланып, полигондарға сенбілік барысында жинақталған 48 тонна күл-қоқыстары төгілді. Сенбілікке жалпы 2300 адам қатысып, 15 техникасы жұмылдырылды.Ауылдар бойынша сенбіліктегі атқарылған жұмысқа жалпы 366 адам қатысты. Түркістан — Аэропорт бағытында (5.4 км) 83 адам, Түркістан — Шымкент бағытында (11.0 км) 138 адам, Түркістан — Отырар бағытында (14.5 км) 92 адам, Түркістан — Кентау бағытында (13.0 км) 53 адам, жалпы 11 техника жұмылдырылды. Санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, 87.8 шқ. көше бойлары мен 12,7 шқ. аяқжолдары ретке келтірілді. Жұмыс барысында 8.9 шақырым ирригация жүйелері мен арықтары тазаланды. Сенбілік барысында жинақталған 22,0 тонна күл-қоқыстары полигонға жеткізілді. Жол бойларындағы250 ағаштарға әктеу жұмыстары жүргізілді.»Тазалық бар жерде — саулық бар», бүгінгі сенбілікке қатысушылар осы сөз аясында еңбек етіп, барша тұрғындарды шырайлы Көктем мезгілінде өз ауласы мен маңайын тазалап тұруға, тазалыққа атсалысуға шақырады.