Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: «АДАЛ КӨМЕК» НАУҚАНЫ КИЕЛІ ӨҢІРДЕ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ТҮРКІСТАН: «АДАЛ КӨМЕК» НАУҚАНЫ КИЕЛІ ӨҢІРДЕ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өңір жұртшылығына «Адал көмек» науқаны аясында тегін заңдық кеңес көрсетілді.

Игілікті шараның негізгі мақсаты — азаматтарға құқықтық көмек көрсету арқылы алаңдатқан мәселерінің шешу жолдарын қарастыру және заң аясында бағыт-бағдар беру.

Тұрғындарға кеңес беруге бірқатар білікті мамандар, соның ішінде нотариус, сот орындаушылар секілді заң өкілдері мен бір топ ерікті жастар қатысты.

«Адал көмек» науқанында мамандар кеңесіне жүгінген жұртшылықтың басым көпшілігі әлеуметтік, жер, салық, тұрғын-үй, жеңілдікпен несие алу сынды мәселелермен келіп, мамандардан толымды заңдық кеңес алды.

Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тұрғындар түйткілді сұрағына жауап алып, толық мәліметке қанықты.

Айта кетсек, ақысыз жүргізілген «Адал көмек» беру науқаны алдағы уақытта да өңір жұртшылығына көрсетілетін болады.