Домой Басты жаңалықтар ТҮЛКІБАСТЫҚТАР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСТЫ

ТҮЛКІБАСТЫҚТАР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСТЫ

Ағымдағы жылдың 27 шілде күні Экологиялық акция аясында Түркістан облысы бойынша жалпы халықтық сенбілік күні деп жарияланған болатын. Сол себепті  таңнан бастап  ауданның барлық аймағы, оның ішінде жол бойындағы жасыл аймақтар, саябақтар мен демалыс орындары, арық-атыздар мен жүргінші жолдың жиектері толығымен тазаланып, ағаш түптері әктелді. Ал тазалаудан шыққан 64 тоннаға жуық күл-қоқыстар арнайы техникалармен аудан сыртындағы қоқыс тастайтын орындарға тасмалданды. Сенбілік жұмысына 36 арнайы техника жұмылдырылды. Жалпы тазалық акциясына 3220 аудан тұрғындары атсалысты. Оның iшiнде мемлекеттік мекемелерден 400 адам және 500-ден асаиам ерікті жастар қатысты. Өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке шақыратын тәрбиелік мәні зор шара ауданның шырайын арттыра түсті.

Ауданымыздың көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға ат салысуы қажет. Өйткені, ортақ үйіміздің көркеюі өз ауламызды таза ұстаудан басталатыны белгілі. Сенбілік барысында осыны жастарға сабақ еткен тұрғындар қаймағы бұзылмас ынтымақ пен бірліктің ерен үлгісін көрсетті.