Түркістан облысы Түлкібас ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиев аудандағы әк өндірумен айналысатын «Түлкібас әк зауыты» және «Үміт-СД» ЖШС-не арнайы табан тіреп, жұмысымен танысты.«Түлкібас әк зауыты» жылына 40 мың тоннаға дейін әк өндіруге қауқарлы өндіріс ошағы бүгінгі таңда 100 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал, «Үміт-СД» ЖШС-гі жылына 90 мың тонна әк өндіріп, нарыққа өткізіп отыр. Қазіргі таңда қос кәсіпорын аумағынан жаңа цехтар ашу мен құрылғыларын жаңарту мақсатында мемлекеттік қолдауды қажет етуде. Аталмыш жобалар іске асқан жағдайда 80 адамға жаңа жұмыс орындары ашылады.Кәсіпорындардың жұмысымен танысып болған соң Мейіржан Иябайұлы «Таң Нұры» емдеу-сауықтыру орталығына ат басын бұрып, жұмысымен танысты.Осыдан бірнеше жыл бұрын сауықтыру орталығына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының өндірістік инфрақұрылым дамыту бағытына сәйкес газ құбырын және қосалқы құрал-жабдықтар орнату шаралары іске асқан болатын. Бүгінгі таңда орталықтың сыйымдылығын арттыру мақсатында қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. Сауықтыру орталығы тыныс алу жолдары, қан құрамындағы қант мөлшерін түсіру және неврологиялық ауруларға қарсы ем-домдар жасайды.Нысандарды аралап болған соң Мейіржан Иябайұлы аудандағы іске асатын жобаларға оң бағасын беріп, қаржы ұйымдары арқылы жеңілдетілген несие алуға жан-жақты қолдау білдіретіндігін жеткізді.
Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР МЕН ТУРИСТІК НЫСАННЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫМЕН...