Домой Әлеумет Шардарада жағажай аумағы реттелетін болды

Шардарада жағажай аумағы реттелетін болды

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы «Жетісай-Шардара-Арыс-Темірлан» автомобиль жолының Шардара ауданындағы учаскесінде жүргізіліп жатқан орта жөндеу жұмысын, Ақберді ауылындағы ауданды газбен қамтамасыз ету мақсатындағы салынған «Шардара ГРС-18 және газ құбырынан бұрып алу» нысанындағы атқарылып жатқан шаруаларды көрді.

Су қоймасы жағалауына барған аудан басшысы демалыс аймақтарындағы жұмыстардың талапқа сай болуына қатты назар аударды. Қайрат Жолдыбайұлы тиісті мекеме қызметкерлеріне осынау нысандарды ретке келтіруді қатаң түрде тапсырды. Туризмді дамыту үшін жағажай аумағының бірінші кезекте санитарлық тазалығы талапқа сай болуы тиіс. Суға шомылушыларға қызмет көрсетіп отырған кәсіпкер азаматтардың жұмыстары заң аясында жүргізілуі қажет. Аудан әкімі су қоймасының жағалауын таза ұстау баршаның міндеті екенін атап көрсетті.