Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, қаладағы кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды. Қаланың жалпы өңірлік өнімінде шағын және орта бизнестің үлесі артты. Облыс орталығында осы көрсеткішке үлес қосып отырған сауда нысандары көп. Солардың бірі – Иассы көкөніс базары.
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістан қаласы сауда жасауға ыңғайлы аймақ. Жан-жақтан келетін қонақтардың дені базарларға соғып, базарлықтарын толықтырады. Бүгінде осындай қызметті ұсынып отырған мұндағы кәсіпкерлер мен сауда жасаушы азаматтар партияның бастамаларына қолдау білдіретіндіктеріне көзім жетті. Сатушыларға парақшалар таратылып, 10-қаңтар күні өтетін сайлауға қатысуға шақырдым.
«Nur Otan» партиясы Түркістан қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді