Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Түркістан облысында қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу» туралы Қаулысына сәйкес, Келес ауданына қарасты Ұшқын ауылдық округінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және әкімшілік қызметкерлерінен құралған мобильді топ мүшелері ауыл аумағындағы барлық азық түлік дүкендері және басқа да кәсіпкерлік нысан иелеріне Қаулыны таныстырып, санитарлық-гигиеналық талаптарын қатаң сақтау керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
- Ұшқын ауылдық округінде жұмысшы топтың кезекті шаралары жүргізілуде. Біздер жұмыс барысында ауылдағы халық коп шоғырланатын орындарға сақтық шараларын насихаттау және оның сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Атап айтсақ, осы мақсатта ауылдағы халыққа қызмет көрсететін бірнеше орындарды бақылаймыз. Түркістан облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантин мерзімінде бекітілген талаптарды орындау және түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Қоғамдық орындарда 3 адамнан артық жиналуға болмайды. Одан бөлек, әлеуметтік нысандарда белгіленген арақашықтықты сақтау қажеттігі ескертілуде. Түсіндіру жұмыстары барысында кейбір халыққа қызмет көрсететін мекемелер тарапынан аталған талаптар сақталмауда, — дейді топ өкілдері.