Домой Басты жаңалықтар ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты ауылдық округтерде дала және егістік алқаптарында шаруашылық нысандарда өрттердің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары қарқынды  жүргізілуде. Кентау қаласы аумағында жазғы өрт қауіпті кезеңде дала өрттерінің алдын алу және егістік алқаптарда өрттерді жою жөніндегі, іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, қолданыстағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, дала өрттері және егістік алқаптарда орын алуы қауіпі бар шалғай жатқан ауылдарында ауылдық округі акімдігі және ауыл шаруашылық мекеме қызметкерлерімен жазғы өрт қауіпті кезеңде дала өрттерінің алдын алу және егістік алқаптарында өрт оқиғасы орын алғанда дұрыс шешім қабылдап өрттерді сөндіру тәсілдері, кемшіліктерге жол бермеу жөніндегі түсіндірме нұсқау жұмыстары жүргізілді.
Ауыл тұрғындрына « Дала және орман өртерін және егістік алқаптарындағы өрттердің алдын алу » жөнінде жаднынама таратылды. Ауыл шаруашылығы егістік алқаптары мен орман тоғай аумақтарында құрғақ шөптермен, өсімдік қалдықтарын өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, бақылау шараларын күшейту бойынша ауыл округі әкімдіктері, шаруашылық ұйымдары және орман тоғайларды қорықтау объектілерімен бірлескен жоспар құрылып, алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде, бақылауға алынды. Аталған фактілер тіркелген жағдайда жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ескертілді.