Домой Әлеумет Полиция қызметкерлері туған елге оралған қандастардың төлқұжатын рәсімдеуге көмектесті

Полиция қызметкерлері туған елге оралған қандастардың төлқұжатын рәсімдеуге көмектесті


Түркістан облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі шетелден келген бірқатар қандастарымыздың төлқұжаттарын рәсімдеуге жәрдем етті. Олар туған елге оралып, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын анықтайтын құжаттармен құжаттандырылды.
Атап айтсақ, 2008 жылы Ким Ольга, ал 2016 жылы Алимбекова Гулнора елімізге келіп, қоныстанған. Олар өздерінің бұрынғы тіркеуде тұрған елдерінен шығып, тарихи отаны Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға қандай құжаттар жинау керектігін білмей, арнайы мамандардың көмегіне жүгінбей, уақыттарын өткізіп алған.
Алайда бүгінгі таңда облыстың полиция қызметкерлерінің көмегімен, олар көптен бері армандаған ҚР-ның азаматы екенін растайтын төлқұжатқа қол жеткізді. Өз кезегінде аты аталған тұрғындар полицейлердің жасаған істеріне ризашылықтарын білдірді. Тіпті қуаныштан көз жастарын да жасырмады.
КСРО кезінен бері қызыл төлқұжатпен немесе түрлі себептермен құжатттарын ала алмай жүрген тұрғындарға: өзіңізге жақын аймақтағы көші-қон қызметіне барып, тиісті мәліметтерді алуларыңызға болатынын ескертеміз.