Домой Әлеумет ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҮРКІСТАН ТАРИХЫ ЖАЙЛЫ ДӘРІС ТЫҢДАП, ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҮРКІСТАН ТАРИХЫ ЖАЙЛЫ ДӘРІС ТЫҢДАП, ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

Халыкаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай облыстық полиция қызметкерлеріне лекция оқылып, экскурсия жүргізілді.
Көне Түркістан тарихы, туризм негіздері бойынша «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты тарихи орындармен танысты.
-Түркістан қаласында жаңадан ашылған Туризм және қонақжай университеті Түркістан облысының ІІД жасаған келісім шарты негізінде облыстық полиция қызметкерлеріне тарихи-мәдени орындардың тарихы мен құндылығы мен туристермен тиімді қарым-қатынас орнату бойынша дәріс жүруде. Бұл бастамаға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі де белсенді түрде атсалысып, білікті мамандар университетке барып дәріс оқып, экскурсия арқылы таныстыру жұмыстарын жүргізуде. Түркістан өңірі Қазақстандағы ең ірі туристік аймақ екені белгілі. Осыған байланысты, Қазақстанның басқа өңірінен және шет елдерден келетін туристерге сапалы қызмет көрсету — музеймен бірлескен ұжымдық мәдениет пен ортақ біліктілікті талап ететін күрделі де жауапты қызмет. Сондықтан, бүгінгі экскурсия барысында Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні жайлы да кеңінен мәліметтер беріліп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның айналасындағы тарихи ескерткіштер жайлы мағлұматтар айтылды. Бұл шаралар алдағы уақытта өз жемісін береді деп сенеміз»,-деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов.
Айта кетсек, Туризм және қонақжай университетінде көне Түркістан тарихы, туризм негіздері және шет тілі пәндерінен дәріс алып жатқан полиция қызметкерлеріне Түркістанның көне тарихы бойынша қорық-музейдің қызметкері Б. Нұрханов дәріс-лекция жүргізсе, экскурсовод Ардақ Бейсенова теориялық білімді экскурсиялық дәріспен ұштастырып, өткізуде. Аталған тәжірибелер арқылы Түркістан облысының полиция қызметкерлері Түркістан өңіріне келетін туристерге сапалы қызмет көрсетуге дайын болады деп күтілуде.