Домой Басты жаңалықтар ПОЛИЦЕЙЛЕР АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ

ПОЛИЦЕЙЛЕР АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ

Ішкі істер органы саласына қызметке орналасуға ниеті бар азаматтарға тиянақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бағыт бағдар беру үшін Түркістан облысының бас полицейі Қайрат Дәлбеков Полиция департаментінің кадр мамандарына тапсырма жүктеген болатын. Бүгін, сол тапсырманы бұлжытпай орындау мақсатында, кадр мамандары азаматтар үшін арнайы уақыттарын бөліп, таңғы сағат 10:00-ден түскі 13:00-ге дейінгі аралықта Түркістан облысы Полиция департаментінің жанынан ашылған фронт—офисте «Ашық есік күні» акциясын өткізді.
Аталмыш акцияның мақсаты: ішкі істер органдарына қызметке тұруға ниеті бар тұрғындарға түсіндірмелер беріп, бағыт бағдар көрсету. Сондай-ақ, оларға қызметке қабылдануға байланысты критерилер жазылған брошюралар мен парақшалар таратылды. Акцияның өтуі туралы алдын ала Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында хабарламалар жарияланған болатын. Осылайша ашық есік күніне 4 сағаттың ішінде 30-ға жуық қала тұрғындары мен жас білімгерлер таңнан бастап жиналып, белсене қатысты.
Өз кезегінде полицейлер, мұндай акцияларды жиі өткізу қызметке кіруге қызығушылық білдірген азаматтардың жұмысқа тез арада орналасуына айтарлықтай септігін тигізеді деп сенеді. Сонымен қатар, облысымыздың тәртіп сақшылары ашық есік күніне қатысқандардың барлығына дерлік алғыстарын айтты.