Домой Басты жаңалықтар ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ АУМАҒЫН АБАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ АУМАҒЫН АБАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағын абаттандыру жөніндегі жобаларды үйлестірудің жедел мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы өтті.

Кезекті басқосуға Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер департаментінің басшысы, ғылыми-әдістемелік кеңестің төрайымы Күміс Қарсақбайқызы, ЮНЕСКО өкілдері, сарапшылар, тарихшылар мен ғалымдар, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Түркістан қаласы әкімдігінің өкілдері, «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны, «Базис-А», «Энвикон-А» құрылыс компаниясы мен сәулетшілер қатысты.

Министрліктің ұйымдастыруымен төртінші рет бас қосқан үйлестіру кеңесінің мүшелері «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі аумағындағы тарихи-мәдени орындарды абаттандыру жан-жақты мәселелерді талқылады.