Домой Басты жаңалықтар ОРДАБАСЫ ӘКІМІ Ә.ӨСЕРБАЕВ ЖҰМЫСЫН ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕН БАСТАДЫ

ОРДАБАСЫ ӘКІМІ Ә.ӨСЕРБАЕВ ЖҰМЫСЫН ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕН БАСТАДЫ

Аудан әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев Қажымұқан ауыл округін аралады.

Іссапар барысында Темірландағы әкімдік бөлімдеріне арналған ғимараттың, 300 және 600 орындық үш мектептің құрылысымен, «Самал 2,3» мөлтекаудандарындағы инфрақұрылым жүргізу барысымен танысты.

«Черемушки» мөлтекауданындағы аулалардың жағдайын көріп, кәріз жүйесінің қажеттілігіне тоқталды. Сонымен қатар, Қажымұқан ауыл округі әкімшілігі ғимаратын, Қажымұқан атындағы орталық стадионды, Жастар сарайын, ардагерлер үйін, орталық саябақты аралады. «Қайнар» шипажайының, асыл тұқымды ешкі шаруашылығының, «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырының №19 «Темірлан» АГТС жұмыс барысын көрді.

Темірлан ауылында 2017 жылы пайдалануға берілген 14 екі пәтерлі тұрғын үйдің жағдайымен танысты.

Іссапар барысында Әліпбек Шәріпбекұлы абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру мәселелерін тез арада шешіп, ауылішілік арық-атызды қалыпқа келтіру туралы нақты тапсырмалар берді.