Домой Әлеумет ОНЛАЙН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖИЫН ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ КЕЛЕШЕГІНЕ АРНАЛДЫ

ОНЛАЙН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖИЫН ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ КЕЛЕШЕГІНЕ АРНАЛДЫ


Түркістан облысы Отырар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Шәуілдір ауыл округі әкімі аппараты» қызметкерлерімен «Латын әліпбиінің келешегі кемел» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел жиыны өтті. Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру және қоғамдық пікір қалыптастыруды көздеген шараға қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.
Іс-шараны орталықтың әдіскері А.Тұрсынбаева жүргізіп, өз сөзінде қазақ тілін жаңғыртудың басты көрсеткіші – латын жазуына көшу! ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында латын жазуына көшудің нақты жолдарын белгілеп, тиісті шараларды қолға алу керек екенін жеткізен болатын. Бұл қазіргі заман талабы. Әрине, «біткен іске сыншы көп» дегендей, осы мәселеге байланысты айтылып жатқан пікірлер де әртүрлі. Бірақ еліміздің әрбір азаматы латын жазуына көшу әлемдік өркениетке жетудің басты жолы екенін білуге тиіс.