Домой Әлеумет «NUR OTAN»: ҮМІТКЕРЛЕР ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

«NUR OTAN»: ҮМІТКЕРЛЕР ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ


«Nur Otan» партиясының бекіткен кестесіне сәйкес келер жылдың 10 қаңтарында өтетін партиялық сайлауға облыс орталығында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу басталды. Осы орайда Түркістан қалалық мәслихатына үмiткер Ғаппар Сәрсенбаев, Дәурен Тәңірбергенов, Мәди Аманжол үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп бірқатар мекемелерді аралады
Атап айтқанда үміткерлер Түркістан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына қарасты спорт саласының өкілдерімен кездесіп, еліміздегі жетекші партия тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар барысы жайын жеткізіп құлағдар етті.
Сонан соң әрі қарай үгіт-насихат жұмысы «Әбдісалан Нұрмаханов атындағы Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде» жалғасын тапты. «Облыстық дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансері» мен «Oблыстық жоғары спорт шеберлігі мектебіне» ат басын бұрып аталмыш мекеме қызметкерлерімен жүздесті. Келелі кездесуде халық қалаулылары
саяси науқан кезінде «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырып, тұрғындардың сайлау кезінде белсенділік пен байыптылық танытатындықтарына сенім білдірді

«Nur Otan» партиясы Түркістан қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді