Домой Әлеумет ҮНДЕУ ДЕР КЕЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМНЫҢ БІРІ

ҮНДЕУ ДЕР КЕЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМНЫҢ БІРІ

2020 жылдың 8 шілде күні ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай бойынша телевизиялық үндеу жасады. Мемлекет басшысының үндеуде айтылған барлық маңызды мәселелерін қолдаймын. Себебі Ел Президенті халық үшін барлық жағдайды жасап келеді. Осының айғағы ретінде аталған үндеуді жасап отыр. Бұл індетке ел болып бірігіп, қолдан келген үлесімізді қосу арқылы ғана жеңеміз. Індеттің екінші толқыны басталып, күннен-күнге қаупі күшейіп келеді. Сондықтан Президент тарапынан соңғы қабылданған қатаң карантиндік шаралар елге елге тек пайда әкелері хақ. Мемлекетіміз халыққа барлық жағдайды жасауда. Дегенмен кейбір азаматтарымыз карантин талаптарына немқұрайлы қарап, той-тойлап жүр . Осындай кезеңде бәріміз тәртіпке бағанып, бірлесе індетті жоюға ат салысу барлығымыздың азаматтық борышымыз деп білемін. Мемлекет басшысы коронавирус індетінен қайтыс болған қазақстандықтар үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялағаны көпшілік құптайтын шараның бірі. Ел Президентінің жасап жатқан игі істерінің барлығы халқымен бірге екенінің дәлелі.

Әбдірахым Партов — ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, Сайрам ауданының Құрметті азаматы.