Домой Әлеумет НАСИХАТ ТОБЫ ӨНЕРКӘСІП ОРЫНДАРЫНДА БОЛДЫ

НАСИХАТ ТОБЫ ӨНЕРКӘСІП ОРЫНДАРЫНДА БОЛДЫ

2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындалған Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауын өткізу аясында бүгін Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы М.Т.Ерман, Парламент Мәжілісінің депутаты Б.С.Оспанов, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ә.Ү.Досболов, Қазақстанның көркем гимнастикадан құрама командасының бас тренері Ә.М.Юсупова бастаған үгіт-насихат тобы мен басқаратын «Әлем БТ» зауытының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында үгіт тобы мен зауыт ұжымы өнеркәсіп саласын дамыту, кәсіпорындардың өндіріс қуатын арттыру, қосымша жұмыс орындарын құру мәселелерін қызу талқылады.

Расында да, ел экономикасының локомотиві ретінде өнеркәсіп саласын дамыту еліміздің болашағына бейжай қарамайтын кез келген саналы азаматты толғандыратыны анық.

Осы тұрғыда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында өнеркәсіп саласын  өркендетуге, өнеркәсіпке жаңа технологияларды енгізу арқылы өнімнің сапасын арттыруға, отандық өнімнің ассортиментін кеңейтуге ерекше мән берілген.

Президентіміз Қ.К.Тоқаев өзінің биылғы жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында сапалық тұрғыдан мүлде жаңа ұлттық индустрияны дамыту үшін «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заң әзірлеу жөнінде Үкіметке тапсырма берді. Президент өнеркәсіпке қолдау көрсетудің нақты шараларын жетілдіру қажеттігін де атап көрсетті.

Әрине, мемлекет тарапынан жасалып жатқан мұндай қолдау осы салада еңбек ететін кәсіпкерлер мен қарапайым жұмысшыларға ерекше дем беріп, өндірістің өрістеуіне тың серпін беретініне сенімдімін.

Қалалық мәслихатқа депутаттыққа үміткер ретінде мен «Нұр Отан» партиясының саясатын толық қолдап, барша тұрғындарды сайлау науқанына белсенді қатысуға шақырамын.