Домой Әлеумет ҮМІТКЕРЛЕР МАЙДАН АРДАГЕРІМЕН КАНВАССИНГ ӨТКІЗДІ

ҮМІТКЕРЛЕР МАЙДАН АРДАГЕРІМЕН КАНВАССИНГ ӨТКІЗДІ

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Жанысбеков Ерұлан Ұлы Отан соғысының ардагері, Ордабасы ауданының құрметті азаматы Махал Полатбекұлының шаңырағында болып, канвассинг кездесуін өткізді.
Үміткер майдангер атамыздың ерлік істерге толы өнегелі өмірімен танысып, ризашылығын жеткізген-ді.

— Махал ата, елдегі болып жатқан жағдайлардан өзіңіз де хабардарсыз. Ендігі бір он күннен кейін Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттары мен облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының сайлауы болады. Мен «Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидатпын. Үміткер ретінде ауылдарда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келемін.
Осы ретте өзіңізге «Nur Otan» ПАРТИЯСЫНЫҢ МАҚСАТЫ туралы айта кетсем. Партияның мақсаты – саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу. Бүгінгі күнге дейін партияның жеткен жетістіктері көп болды. Сайлауалды бағдарламасында да көп жұмыстарды жүзеге асыруды мақсат тұтып отыр. Айтар болсам, 2025 жылға дейін ауданның бірқатар ауылдарына газ тартылады. Ауыз сумен қамтылады. Жолдар асфальтталады. Мектептер салынады. Осы секілді жұмыстар атқарылмақ. Сізді және сіздің отбасыңызды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын, — деді кандидат.
Қария Ерұлан Жанысбековке амандық саулық, жұмысына табыс тілеп:
Ескі жыл есіркесін,
Жаңа жыл жарылқасын.
Еліміз аман болсын,
Бейбіт заман болсын.
Елімізді даласымен сақтасын,
Ерімізді панасымен сақтасын.
Баланы анасымен сақтасын,
Адамды өз бағасымен сақтасын.
Елдігіміз нығайып, өсіп өнейік,
Бір Алла өзі жарылқасын.
Әумин!- деп батасын берді.

«Nur Otan» партиясы Ордабасы ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді