Домой Әлеумет МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАЛАМАЛАР АРҚЫЛЫ ШАРУАСЫН ДАМЫТҚАН

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАЛАМАЛАР АРҚЫЛЫ ШАРУАСЫН ДАМЫТҚАН

Тәжірибе көрсеткендей, несие алған кезде көптеген фермерлер кепілзаттың жетіспеушілігі проблемасына тап болады. Ауыл мүлкінің өтімділігінің төмендігі кейде фермерге қажетті несие алуға мүмкіндік бермейді. Кепілгер рөлін атқаратын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Түркістан филиалының несиелік кепілдік құралы өтімділігі төмен кепілді қарыз алушыларға несие алуға мүмкіндік береді.

Ордабасы ауданының тұрғыны «Батыр» шаруа қожалығын басқаратын Меңлібек Төлеген «Еңбек»мемлекеттік бағдарламасы аясында «Төрткөл Несие» ЖШС Несие серіктестігіне жылқы малын сатып алу үшін 6 000 000 теңге несие алуға жүгінген еді. «Батыр» шаруа қожалығы басшысының меншігіндегі тұрғын үй несие сомасын өтемегендіктен, клиент кепілдікке жүгінді. Өтінімді қарастырғаннан кейін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Түркістан филиалы несие сомасына 50% кепілдік берді.

Бүгінгі таңда фермер мәлімделген соманы алып, 20 жылқы сатып алды. Күн сайын қымыз аудан тұрғындарына сатылып, өнім үлкен сұранысқа ие. «Біз аталған қордың кәсіппен айналысамын деген жандардың арманын жүзеге асыра алатынына қуаныштымыз», дейді кәсіп иесі.

Кепілдендіру жүйесі мемлекеттік бағдарламасы аясында несие серіктестіктері немесе микроқаржы ұйымдарына несие алуға өтініш берген кәсіпкерлердің кепілдіктері жетпеген жағдайда Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кепілдендіреді.