Домой Әлеумет МАҚСАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЛТҚЫСЫЗ ЕҢБЕК ЕТУ

МАҚСАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЛТҚЫСЫЗ ЕҢБЕК ЕТУ

«Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихат депутаттығына ер азаматтармен қоса әйел азаматшалары да кандидат болып түсуде. Баршасының мақсаты — елге қалтқысыз қызмет ету, шешілмей келе жатқан мәселелердің түйінін тарқатуға ықпал ету. Ақылбекова Жанар Сатанқызы ауданымыздағы белсенді азаматшалардың бірі. Мақсаты айқын, ойы орамды, арманы асқақ ол сайлаушыларының сенімінен шығып, үміттерін ақтауға тырысып жатыр. Үміткер бүгін Бөген ауылдық мәдениет Үйінде сайлаушылармен емен-жарқын кездесу өткізді.

«Nur Otan» партиясы құрылғалы бері қандай жетістіктерге қол жеткізді? Қазақстан халқына қандай пайдасын тигізді? Осы жылғы Сайлауалды бағдарламасының мақсаты қандай? Алдағы 5 жылға нендей бағдарламаларды, жоспарларды жүзеге асырады? Ордабасы ауданында қандай жұмыстар атқарылады? Жанар Сатанқызы осы және өзге де мәселелер төңірегінде кеңінен әңгіме қозғады.

Сіздерді 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын, — деді кандидат

«Nur Otan» партиясы Ордабасы ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді