Домой Әлеумет КЕНТАУ: КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ТҮЙТКІЛДЕР ТАРҚАТЫЛДЫ

КЕНТАУ: КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ТҮЙТКІЛДЕР ТАРҚАТЫЛДЫ

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы «Халыққа көмек» бірыңғай әлеуметтік терезе» партиялық жобасы аясында Кентау қаласында көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Оған Түркістан облысы әкімдігінің басқармалары мен өңірдегі департаменттер басшылығы мен өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары қатысты. Көшпелі қоғамдық қабылдауды «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Полат Тұрсынбаев жүргізіп отырды. Бұл күні түрлі мәселемен келген 9 тұрғынның арыз-шағымы қаралды.
Кентаулық тұрғын Абдумуталип Насиров Оранғай ауылынан 150 орындық мектеп салу қажеттілігі және М.Қазыбеков мектебіне оқушыларды тасымалдау үшін жаңа автобус керек екені жөнінде ой қозғады. Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бөлім басшысы Әлібек Кенжебаев бұл мәселе бойынша сараптама жүргізіліп, жаңа мектеп қажет деп анықталса, 2021 жылдың қаржылық жоспарына енгізілетінін жеткізді.
Автобус мәселесін қозғаған Гүлнәр Ибадуллаеваның өтініші де назарға алынып, тиісті жұмыс атқарылатын болды. Кентау қаласы, Жаңа Иқан ауылдық округінің тұрғыны Бабажан Якубов Бабажан Ибата елді мекеніне 200 орындық мектеп салу, Ибата елді мекені мен Шоқтас елді мекені аралығындағы жолға тас төсеу, Ойық елді мекені тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету туралы өтініштерін айтты. Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бөлім басшысы Кенжебаев Әлібек Сағымбекұлы – Ибата елді мекеніне 200 орындық мектеп салу туралы құжаттары дайын, облыстан қосымша қаржы сұрайтын боламыз.
Түркістан облысы бойынша жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Мырзабаев Ибатай елді мекені мен Шоқтас елді мекені аралығындағы жолды жөндеуге 44724,7 мың теңге жобалық-сметалық құжат дайындалдғанын мәлімдеді. Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Әбілхан Әбдіқадыров ауыз су мәселесі бойынша жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткенін, мәселе шешілетінін баяндады.
Жалпы көшпелі қабылдауда ауыз су, мектеп,автобус, медицина, еңбек құқығы және өзге де мәселелер бойынша өтініш-тілектер тыңдалып, заң аясында жауап берілді. Бірқатар түйткілдер бойынша нақты шешімдер айтылып, тұрғындардың талап-тілектері ескерілді.