Домой Әлеумет КЕЛЕСТЕ 4 ЖОЛАҚТЫ ҮЛКЕН ЖОЛ САЛЫНУДА

КЕЛЕСТЕ 4 ЖОЛАҚТЫ ҮЛКЕН ЖОЛ САЛЫНУДА

Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеев Келес ауданына жасаған іссапары барысында Абай ауылының орталығынан өтетін «Жиззах-Гагарин-Жетісай-Киров-Абай-Сарыағаш-Жибек жолы» А-15 Республикалық маңызы бар автомобиль жолындағы, қоршауға дейінгі аралықты кеңейту жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын. Бүгінгі таңда аталған жолды кеңейту жұмыстары «ҚазАвтожол» мекемесі тарапынан іске асырылуда. Жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан соң, Республикалық автожолдың Абай ауылының аумағындағы бөлігі 4 жолақты кең жолға айналмақ.
Осы кезге дейін Келес ауданының орталығы Абай ауылынан өтетінін Республикалық А-15 автожолындағы кептеліс, Келес ауданы үшін сонымен қатар біздің оңтүстік батысымызда орналасқан халқының саны 600 мыңға жуық аудандар үшін де үлкен мәселелерінің бірі болған еді. Аталған кептелісті шешу мақсатында Абай ауылының аумағындағы жолға тұрғындардың қауіпсіздігі үшін арнайы қоршаулар орнатылып, басты жолдың жанынан қосымша ауыл тұрғындары үшін жанама сол салынды. Ендігі кезекте Абай ауылы аумағындағы А-15 Республикалық маңызы бар автомобиль жолының енін қоршауға дейін кеңейту жұмыстары жүргізілуде.