Домой Әлеумет КЕЛЕС АУДАНЫНДА 33 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 33 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

Аймақтардағы инфрақұрылымды жетілдіру мақсатында облыс аумағындағы бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағытта Түркістан облысындағы аудан, қалаларда инфрақұрылымды қалыптастыруда жүйелі түрде жобалар іске асырылуда.

Осы мақсатта, Түркістан облысы, Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев тиісті сала өкілдерімен аудан көлемінде атқарылып жатқан жол құрылысы жұмыстарының барысымен танысты. Жұмыс өз ретімен атқарылуда. Атап айтатын болсақ, аталмыш ауданға қарасты Абай ауылындағы Т.Рысқұлов және Әзімбай ата көшелері сонымен қатар, Біртілек ауылдық округіндегі Жастар және Мешіт көшесіндегі жол құрылысының жөндеу жұмыстарын бақылау барысында мердігер мекеме өкілдеріне бірнеше сын-ескертпелер жасап, тиісті тапсырмаларын берді. Аудан орталығы Абай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 4 көше жөндеуден өтуде. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға аудан көлеміндегі 17 көше әр түрлі дәрежедегі жөндеуден өтуде. Жалпы аудан бойынша биыл 33 көше жөндеуден өтуі жоспарлануда.