Домой Әлеумет КӘСІП БАР ЖЕРДЕ НӘСІП БАР

КӘСІП БАР ЖЕРДЕ НӘСІП БАР

Саурбаева Айман Тлеулесқызы – Сайрам ауданы, Сарыарық ауылының жеке кәсіпкері. «АТАМЕКЕН» кәсіпкерлер палатасы Сайрам аудандық филиалына келіп, Кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау бөлімі кеңесшілерінен кеңес алып, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Түркістан филиалының несие талаптарына сәйкес, жедел түрде (перечень документов) құжаттар тізбесін және бизнес жобасын дайындауға ықпал жасады. Нәтижесінде аталған қаржы ұйымынан мал басын көбейту мақсатында төмен пайызда 4 млн теңге несие алды. Айта кетейік, палата кеңесшілері кәсіпкердің кепілге ұсынылған құжаттарын рәсімдеуге ҚР, жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы заңына сәйкестігін тексеріп және egov.kz, cabinet.salyk.kz электронды Үкімет порталынан қажетті анықтамаларын алуға, атап айтқанда (аресте тар немесе жоқ екендігі туралы анықтама, салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама, мекен-жай тіркелімі, меншік иесі туралы анықтама, соттылығының жоқтығы немесе бар туралы анықтама) тағыда басқа толық тізім бойынша құжаттарын жинауға көмектесті.Жеке кәсіпкер палата қызметкерлеріне алғысы шексіз. Түркістан облысы Сайрам ауданы кәсіпкерлер палатасы барлық кәсіпкерлерге өз көмектерін көрсетуге әрқашан дайын! Мекен — жайы,Түркістан облысы,Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Абылайхан көшесі,66 ғимарат.Қосымша ақпараттар немесе сұрақтар болса, 87017075827, 877565475667, 87753938034.