Домой Басты жаңалықтар КӨЛІК САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

КӨЛІК САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан полициясының 27 жылдығында ғасырлық тарихы бар көлік полициясы қызметкерлері де қуатты құрылымды құру жолында аянбай еңбек етіп келеді. Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауда, қылмыстың алдын алу мен оларды ашуға адал да мінсіз қызмет етіп келе жатқан көлік полицейлеріне шексіз алғыс айтып, бас иуіміз керек.
Алматы-1 ст. ішкі істер желілік басқармасында Қазақстан полициясының 27 жылдығына орай бөлініс қызметкерлеріне ҚР ІІМ арнайы шендік атағы тапсырылды:
— ҚР ІІМ КПД 2019 жылғы 31 мамырдағы №210 бұйрығына сәйкес Алматы 1 ст. ЖПБ анықтау тобы анықтаушысы полиция лейтенанты А.Н.Дүйсеновке — «полиция капитаны» шендік атағы;
— Алматы 1 ст. ЖПБ КПб жедел уәкілі полиция лейтенанты Н.Қ. Ахметовке — «полиция лейтенанты» шендік атағы;
— Алматы 1 ст. ЖПБ ППТ қатардағы полицейі Т.Таласұлына – «полиция кіші сержанты» шендік атағы тапсырылды.
ЖПБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Т.Қ.Талипов сөз алып, кезекті арнайы шендік атағын алып жатқан қызметкерлерді құттықтап, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту ісіне адал да берік болуларына үндеді.
Сонымен қатар жеке құрам қызметкерлерін Қазақстан полициясының 27 жылдық мерекесімен құттықтап, егемен еліміздің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтауда, қоғамдық тәртіпті нығайтуда және қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күрестегі атқарып жатқан жауапты қызметте денсаулық пен қажымас қайрат, табыстар тіледі.