Домой Әлеумет ІНДЕТПЕН БІРЛЕСЕ КҮРЕСЕЙІК!

ІНДЕТПЕН БІРЛЕСЕ КҮРЕСЕЙІК!


Ұлттық аза тұту күнін жариялаудың өзі өте ауыр үндеу екенін түсінеміз. Ел Президентіне бұл үндеуді жариялаудың өзі оңай соғып отырмағаны бәрімізге белгілі.
Осындай қиын сәттерде үрейге берілмей,сабырлық сақтап елді дүрліктірмей,әлеуметтік желіге әр түрлі қорқынышты ақпараттарды жариялай бермей бір бірімізді,билікті сын тезіне ала бермей бір бірімізге жақсы сөзді аямайық ағайындар.Әлемде болып жатқан атың өшкір індет ешкімге оңай тиіп отырған жоқ.Қолынан келген қызметін күндіз түні аянбай атқарып жүрген аудан әкімінен бастап барлық медицина,ішкі істер қызметкерлері,ауыл әкімдері,сала басшылары аянбай қызмет етіп жатқандары көз алдымызда.Оған бір Алла куә!
Қазіргі уақытта бір бірімізге жылы сөз қажет болып тұрған кезде орынсыз сын айта бермейік!
Бұл Алланың сынағы да өтер.
Азалы күні өмірден өткен әр бауырларымызға құран бағыштап дұға қылайық ағайындар!
Сайрам ауданы маслихатының депутаты С.Сағындықов.