Домой Әлеумет ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ БІРІНШІ ОРЫНДА

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ БІРІНШІ ОРЫНДА

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пашимов Марат Орынбасарұлының бастауымен ауданымызда 40төсек орындық Инфекциялық госпиталь және 20төсек орындық провизорлық госпиталь ашылған! Кәзіргі таңда барлық науқастарға қажет дәрі дәрмектерін, қосымша тексерулерін, күнделікті 4 мезгіл тамағын,медицина қызметкерлерінеде қажет барлық жағдайын(жатақ орны, тамағын) уақытылы ұйымдастырып, күн түн демей қызмет атқарып отырған мамандарды бір үйдің баласындай ұйымдастырып,басқарып, өзі 24сағат басында жүрген бас дәрігеріміз Нусеров Нұржан Ахметұлы. Осындай қиын сәтте өз денсаулығынан және отбасынан науқас денсаулығын 1ші орынға қойып еңбек етіп келе жатқан медицина қызметкерлері:Бахытова Жанат Бахыткызы, Мусаева Жансұлу Асилханқызы бастаған 20 медқызметкер инфекциялық госпитальда, 20медицина қызметкері провизорлық госпитальда науқастар үшін аянбай еңбек етуде! Және де ерекше атап өтетін жәйт ауданымызға Марқұм Мұхан Кеңеспекұлының алып берген жаңа ,заманауи Компютерлік томограф аппараты тұрғындарға дұрыс диагноз қоюда, емнің нәтижесін тексеруде үздіксіз қызмет атқарып келеді! қәзіргі таңда ауруханамызда тұрғындарға көмек көрсететін дәрі дәрмектеріріміз жетіспеушілігі жоқ, науқастың қосымша ауруына қарай барлық қосымша тексерулер, мамандардың кеңесі дер кезінде ұйымдастырылған!

Шардара аудандық ортадық ауруханасы

Жанат Бақытова