Домой Әлеумет ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» ЖАЛҒАСТЫ

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» ЖАЛҒАСТЫ


«Nur Otan» партиясы бекіткен кестесіне сәйкес, «Есіктен есікке» акциясы аясында мәслихат депутаттығына үміткерлер Шолпан Маратқызы, Мәди Аманжол, Инара Намазбаева қала тұрғындарына үгіт-насихат жүргізді.
«Nur Otan» партиясының қашанда басты құндылығы-адам, қандай да қиындық тумасын, оңтайлы шешімін тауып көмек қолын созуға қашанда дайын. Партия халықтың жағдайын ойлап, түсінеді және әр азаматтың мүддесі үшін жұмыс жасайтын мықты ресурстарға ие. Жерлестеріміздің көпшілігі партияға үлкен сенім, алғыс білдіретіндігін жеткізді.
Айта кетейік, аталмыш партия бекітілген сайлауалды бағдарлама аясында қала тұрғындарының кірісін көбейтіп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәсесі ерекше және өзекті болып отыр. Қаланың ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады. Өңірде тиімді инвестициялау, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру, жаңа прогрессивті технологияларды енгізу, өндірісті әртараптандыру және заманауи қондырғылармен және тиімділігі жоғары технологиялармен жабдықтау арқылы дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жұмыстары жалғасады. «Nur Otan» партиясы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және фермерлерге барынша қолдау көрсету міндетін қояды. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: 2025 жылға дейін әрқайсысы 100 мың тоннаға дейін сақтау мүмкіндігімен көтерме тарату орталығының құрылысын жүргізуге; тұрақты сатып алу-сату жүйесін құру, оқытуды бастау және қатысушылардың ауылшаруашылық құзыреттілігін арттыру. Нәтижесінде бес жыл ішінде қалада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орындар ашылып, шағын және орта кәсіпорынға барынша қолдау көрсетіледі.

«Nur Otan» партиясы Түркістан қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді