Домой Басты жаңалықтар «ГИДРО ҚҰРЫЛЫС» ЖШС АРЫС ҚАЛАСЫНА БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АУДАРДЫ

«ГИДРО ҚҰРЫЛЫС» ЖШС АРЫС ҚАЛАСЫНА БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АУДАРДЫ

Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты ел тұрғындары арыстықтарға көмек қолын созғаны белгілі. Осы игі істен «Гидро Құрылыс» ЖШС ұжымы да шет қалған жоқ. Су құрылысы бойынша табысты еңбек етіп келе жатқан ұжым «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына 1 миллион теңге қаржы аударды.

«Арыс қаласындағы жарылыс бәріміздің жанымызға батты. Осындай сындарлы сәтте қол ұшын созудан қалыс қалмай, арыстықтармен бірге екендігімізді білдіріп, қаржылай көмек көрсетуді ұйғардық», – дейді «Гидро Құрылыс» ЖШС директоры Елдос Байзақов