Домой Әлеумет ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ МАҚТААРАЛДА БОЛДЫ

ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ МАҚТААРАЛДА БОЛДЫ

Биыл жаңадан құрылған Түркістан облыстық аймақтық футбол федерациясының алғашқы президенті Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, генерал Хаким Дүйсешұлы Көшқалиев Мақтаарал ауданында болып, аудандағы футболдың жағдайымен танысты.Алдымен Атакент кентіндегі «Алпамыс батыр» стадионы мен Мырзакент кентіндегі жаңадан салынған «Қажымұқан» атындағы стадионда болды. Әлі ел игілігіне беріліп үлгермеген «Қажымұқан» стадионы 2064 орынға есептелген, мүмкіндігі шектеулі жандардың да еркін жүріп-тұруына, кіріп-шығуына жағдай жасалған. Түрлі дәрежедегі турнирлерді өткізуде киім ауыстыру, жуыну, жарықтандыру мәселелері толық шешілген.Іс-сапар барысында Хаким Дүйсешұлы жергілікті футбол мамандарымен, теңбіл доп ардагерлерімен жүздесіп, отандық футболды дамыту мәселелері талқыланды. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.«Жаңадан бой көтерген «Қажымұқан» стадионы барлық талаптарға толық жауап беріп тұр. Отандық футболды жаңғыртуда бұл стадион үлкен ықпалға ие болатынына сенімдімін. Енді сіздердің алдарыңызда жергілікті «Мақтаарал» футбол командасын премьер-лигаға өткізу, ол жердегі футболшылардың ізін басатын жаңа толқынды дайындау, ауыл-аймақтарда бұл спорт түрін УЕФА талаптарына сай өркендету міндеті тұр. Арнайы футбол академиясын ашуға да болады. Перзенттеріміздің көше кезіп, келеңсіз жағдайларға ұшырағанынан, зиянды әдеттерге салынғаннан спортпен айналысқаны дұрыс, пайдалы» деген футбол федерациясының Президенті балалар мен жасөспірімдер арасындағы футболды жаңартуда жаңашылдықтар орын алатынын жеткізді.Жиын соңында Хаким Көшқалиев жергілікті футбол ардагерлері мен Түркістан облысының ардагер футболшыларының арасында жолдастық кездесу өткізу ниеті бар екенін айтты. Аталмыш кездесу «9 мамыр – Ұлы Жеңіс» мерекесі қарсаңында Мақтаарал топырағында өтеді деп жоспарлануды