2021 жылдың 31-наурызы күні «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда маңызды құрал ретінде айқындалған «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру туралы кезекті онлайн семинар өтті.
Бұл басқосуға Түркістан қаласы әкімдігінің бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысып, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты жүргізу туралы HR-менеджер Ж.Булекеев баяндама жасап, сауалдарға жауап берді.
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында жаңа ақпараттық жүйеге дайындық бойынша әкімдіктің мемлекеттік қызметкерлеріне жеке-жеке логин-пароль беріліп, жүйеге кіріп жұмыс жасаудың жолдары түсіндірілген.
Ал наурыз айынан бастап әкімдікке тесттік режимде өтініштер қабылдануда. Бір ай көлемінде 200-ге жуық тесттік режимдегі өтініштер қабылданып, жауаптылығына қарай қалалық әкімдіктің дербес бөлімдері тәжірибе жүзінде жұмыстар жасада.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексі бекітілген. 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін болады. Осы кодекстің шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың жаңа форматына көшумен қатар «Е-Өтініш» жаңа ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс жасау жопарлануда.
Жоғарыда аталған жаңа жүйе әкімшілік органдарға азаматтардың өтініштерін сапалы қарауды қамтамасыз етеді, өтініш берушімен кері байланыс ұстап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашады. Осылайша қоғамның мемлекеттік билікке деген сенімі артады деп күтілуде.
Жалпы алғанда Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодекстің қабылдануы құқықтық мемлекет идеясына сәйкес мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың жаңа сатысына, заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі елеулі қадамға айналғалы отыр.
Е.Төрехен
Өтініштерді қарауды бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас маманы