Домой Әлеумет «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА НАСИХАТТЫҚ ТОП ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА НАСИХАТТЫҚ ТОП ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін Қостанай, СҚО және Павлодар облыстарынан келген делегациялар «Еңбек» бағдарламасы аясында халқы тығыз орналасқан Оңтүстік өңірінің халқын Солтүстікке көшіруді насихаттау бағытында Шақпақ, Жабағылы, Ақбиік, Кемербастау, Мичурин, Түлкібас кентінің тұрғындарымен Түлкібас мәдениет үйінде кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – Оңтүстіктен Солтүстікке көшуге ниеті бар азаматтарды шақыру. «Еңбек» бағдарламасы аясында өткен жиында Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Күзембаев Ерлан Бақытжанұлы төрағалық етіп, ашып жүргізіп отырды. Насихаттық топ құрамына Тұтқышев Еділ (СҚО, әлеуметтік сала бойынша Есіл ауданы әкімінің орынбасары), Есембаева Меруерт (Павлодар облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімінің басшысы), Конкабаев Оралбек (СҚО, Есіл ауданы, Петровка ауылдық округінің әкімі), Әлпеисова Салтанат (Павлодар облысы, Өспен ауданы, Өспен аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры), Данабаев Ержігіт (СҚО, Аққайың ауданы, Аққайың аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры), Мауланбек Балабек (СҚО, Темирязово ауданың өкілі) енген. Түлкібас ауданына келген азаматтар арнайы дайындалған бейнероликтерді халық назарына ұсынды. Бейнероликте Алматы облысынан, Тараз қаласынан Солтүстүкке қоныс аударған отбасылардың қазіргі таңдағы жағдайы мен жеткен жетістіктері баяндалған. Бейнебаяндағы отбасылар Солтүстіктің азаматтарына, мемлекет тарапынан оларға көрсетілген көмектеріне разылығын білдіріп, мал шаруалығын дамытып, сол бағыттта еңбек етіп отырғандарын алға тартып отыр. Солтүстік өңірінен келген өкілдер онда халық аз болғандықтан жұмысқа орналасуға, үйлі-жайлы болуға, егіндік пен мал шаруалышылығымен айналысуға толықтай мүмкіндіктер бар екендіктерін жеткізді. Сонымен бірге Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын, «Бастау бизнес» жобасы жүзеге асыруда қол ұшын созатындықтарын алға тартты. Кездесу барысында насихаттық топ мүшелеріне жиналысқа қатысушылардан түрлі сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Кездесу соңында жиналысқа келген тұрғындарға брошюралар таратылып, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебаев Қуатбек Сағымбекұлы Солтүстікке көшуге ниет білдірген азаматтарды қоныс аударуға шақырып, жиынды қорытындылады.