Бүгін «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер Р.Сайлаұлы, Ә.Катаев, Д.Мусаев, Қ.Умирбеков, Д:Хангельдиева және Е.Майлыбеков Көксәйек ауылдық окгругі тұрғындарымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – «ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫ» атты бағдарламаны жергілікті халыққа түсіндіру. 1) Экономикалық тұрақты аудан; 2) Ыңғайлы аудан; 3) Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан; 4) Жастарға арналған аудан; 5) Мәдениеті мен тарихы бай аудан; 6) Ашық және есеп беретін жергілікті органдар; 7) Қауіпсіз аудан. Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалған.
Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Алдағы 5 жылда жүзеге асатын жоба-жоспарларды түсіндіру.
Аталған жиын барысында сонымен қатар кандидаттар партияның мақсаттары мен міндеттерін, сайлауалды бағдарламаларды ауыл тұрғындарына түсіндірді.
«Nur Otan» партиясы Төлеби ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді